Қандай тіркеске? На какое словосочитание?
Мектепте берілетін білім негіздері – мейілі ауызша, мейілі жазбаша болсын, бәрі де тіл арқылы меңгертіледі. Оқушылар ана тілін жақсы білуі, тіл байлығының мол және сауатының жоғары болуы – ғылымның басқа салаларын терең білуіне, ақыл - ойының кеңеюіне жол ашады. Сондықтан тіл мен әдебиет пәні мұғалімдеріне жүктелер жауапкершілік пен атқарар істің жүгі жеңіл емес екені баршамызға мәлім. Оқушы айтайын деген ойын дұрыс жеткізе білу керек. Сол үшін әр сабақта тіл дамыту жұмыстарын өткіземіз. Тіл дамыту жұмыстары ауызша да, жазбаша да болады.
Ал, осы «Шығармалар жинағына» Қосағаш ауданындағы оқушыларға шығарма жазуда үлгі болсын деп жинақтап отырмыз. Осындай жинақтардың жоқтығынан оқушыларымыз шығарма жазуға шорқақ. Сол себептен шәкірттерге үлгі болсын деген мақсатпен осы үлгіні жазуға ойландық. Осында шығарманы рәсімдеуге қойылатын қандай талаптар бар екенін, қалай жазу керектігін көрсетуде. Ұлы Абай қарасөздерін жазғанда: «Кімге қажет болса, сол жазып алсын, не оқып көрсін, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» деген еді. Әрине, Абай Құнанбаев - теңдесі жоқ ғұлама. Бірақ болмасаң да ұқсап бақ дегендей, осы жинақ Қосағаш ауданында қазақ тілін білемін деген жас шәкірттерге өте пайдалы демекпіз. Сонымен бұл жинаққа Халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылардың да шығармалары еніп отыр. Үлгі болсын деген мақсатпен Қазақстанда тұратын отандастарымыздың да шығармаларын кіргізіп отырмыз.
Жау тылындағы бала
Ұлы Ардагер, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры, партизан Қасым Қайсенов атамыздың "Жау тылындағы бала" повесі 1961 жылы жазылған болатын. Бұл - ерлікке,адамгершілікке толы шығарма деп білемін. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Осы шығарманы оқи отырып өзім соғыста болғандай сезімде болдым. Шығарманың бас кейіпкері - Серік ата-анасынан жетім қалады. Осы бір жері көңіліме қатты батып, көзіме жас ұялатып, жүрегім мұңды күй кешті. Бірақ адамгершілігі мол Анна Ивановна оны өз алақанына алып, ұлы Бориспен біргі өсіреді. Боря өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол, ол Серікпен жақсы дос еді, екеуі жақсыны да, жаманды да бірге көріп өскен балалар. Серік кішкентай болғанымен, шаруаға мығым, ересек адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін бала. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.
Біз сен туралы білмейміз ғой қалай саған көмектесеміз? Өзіңнің қайда, қашан, қай жерде, қандай отбасында дүниеге келгеніңді және сүйікті ісіңді жазуға болады.
Биыл жаз өте ыстық емес жаңбыр жиі жауып тұр. Егіе көкөніс жеміс-жидек көп. Адамдар бақшада үлкендерге алма алмұрт жинап жүр. Атам мен әжем ауылға кетті. Жазда ауылда жұмыс көп. Атам мен әжем ауылдағы балаларына көмектесуге кетті.