Казахской клавиатуры нет, так что:
Ит жанды - Конбiс.
Козды ашып - жумганшы - лезде.
Музга отыргызып кету - алдау.
Жумган аузын ашпау - ундемеу.
Таяк тастам - жакын.
Ответ:
1)Қайда күн сәулесі бейнелейген?
2)
1.жасайды
2.әшекелейді
3.құрметтейді
4. басады, жасайды, кестелейді
5. жасайды
6. меңгерген
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Ізгілік (лат. Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.[1]
Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардың арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.[2]
Ізгілік — әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады — жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну — мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.