Отан отбасынан басталады» деген ата-бабалардан қалған қасиетті сөздің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Отбасында орнаған береке-бірлік, татулық, сыйластықтың Отанымыздың кемелденіп өсу жолында алар орны ерекше. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. №51 Өрт сөндіру бөлімінде отбасы –Ұлы құндылық екендігін насихаттау мақсатында әртүрлі мерекелік іс–шараларды отбасымен ұжымда өткізу дәстүрі қалыптасқан деп айтуға болады. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде әр жыл сайын қазақы салт дәстүрге сай дастархан жайылып, ардагерлерімізді шақырып қонақ етіп, ұлттық тағамдар дайындалады. Кәсіби мерекеміз, ұлттық мерекелерде отбасымызбен бірге спорттық шаралар өткізіледі. Айта кетерлігі, қызметкерлеріміздің отбасында өсіп келе жатқан ер балаларымыздың әрбірі өрт сөндіруші мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, ер жеткенде осы мамандықты таңдаймыз деген болашақ армандарымен бөлісіп жатады.
Тарихи маңызы зор естеліктер музейде тұр. Анашым, мен қазір қойылымда отырмын. Олар Есілдің жағасында жүр. Бүгін опера театрына барамыз. Сен хат жазып отырсың ба? Ән сабағында бәрі қосылып өлең айтып жатыр. Ағам досымен әлі сөйлесіп жүр.
Темекі маған дос емес. Негізі темекі тартқан адам өзіне ғана емес жақында тұрған адамдарға зиян келтіреді. Ең жаманы өзіне зиян. Темекі тартқан адамдар неше-түрлі денсаулыққа әсер етіп, зиян келтіреді. Темекі тартқан адамды сыйламаймын.
Бара- бара адамдар бір-бірімен араласуды қоятын шығар. Бір сөзді айта-айта мезі болдым. Дүкеннен киім-кешек алдық. Таза су бағдарламасы шыққалы бері су жақсарды. Бүгін сабаққа тек бес оқушы келді. Мұғалім бірінші қатарға екеуден тұрғызды. Мынау жаттығулардың денсаулықты сақтауға себебі тиеді.