1ж.Менің отбасым
2ж.Сенің отбасың
с.т.Сіздің отбасыңыз
3ж.Оның отбасысы
Ірі денелі, зор, үлкен т.б
Мысалға: Ертеректе батырлырды "денесі алпамсадай" деп, сипаттап бейнелеген.
Й+а=я
й+у=ю
й+о=ё дифтонг немесе қосарлы дауысты дыбыстар
Б-дауыссыз,ұяң.
А-дауысты,жуан,ашық,езулік.
Л-дауыссыз,үнді.
А-дауысты,жуан,ашық,езулік.
Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың «туған күніне» дайындық жұмыстары бүгінде басталып та кетті. Бұл түсінікті де, өйткені Астана күні әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған.
Біз атаулы датаға орай өткен жылдарға шегініс жасап, тарихи оқиғаның қалай басталғанына тоқталғалы отырмыз…
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллион асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.
Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса — жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды — қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң