Не избегай маленькой порции. Не прибегай с большой порции. Не бросай завтрак. Не смотри на ужин
Театрға саяхат
Менің көктемгі мектептегі демалысымды пайдаланып, сенбі – жексенбі күндерінде Астанаға жол тартып келдік. Ондағы себеп – біраз қыдырып, сол жақтағы туған – туыстарды аралар қайту еді. Сонымен қатар, осы жолы Астанаға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық. Себебі бұл - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Әуенге толы драма әсерге де толы болды. Қойылымда Шәмші мен сыған қызы Изольда арасындағы махаббаттан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келді. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.
Бұл менің алғаш театрға баруым болды. Қойылым барлығымыздың көңілімізден шығып, ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл нәзік сезім мен кіршіксіз махаббаттың жемісі болды.
Жидектер - фрукты
яблоко - алма
груша - алмурт
персик - шабдалы
Қауын мен қарбыз... Көз алдыңызға бірі дөңгелек, бірі сопақ пішінді дәмі тіл үйірер жемістер келген болар. Дәл қазір жас пен кәрінің ортақ тіске басарына айналған осы жемістердің маусымы. Қауын мен қарбыз сіздің де сүйікті асыңыз екендігіне күмәніміз жоқ. Ал сіз сол жемістерді жей отырып, «бұлар қашан, қайдан шықты?», «құрамынды нендей заттар бар?», «пайдалы ма, зиян ба?» деген сауалдар қойып көрдіңіз бе? Иә?! Олай болса, бүгін сіздің сауалдарыңызға бірге жауап іздеп көрейік!