Тәуелсіздік… Қандай ыстық, қарапайым әрі қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап,ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы мен қылыштың жүзімен, ата- баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері- осының жемісі. Тәуелсідікке біз оңайлықпен жеткеніміз жоқ.Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің,«Елім-жерім» деген жан дауыстың , қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.
Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.Ең бірінші ел болу үшін тілі,екінші діні,үшінші дінін сақтап қалуы тиіс.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы емес пе? Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Қазақ халқы әрдайым қонақжай халық.Халқымыз өзге ұлтты менсінбеу,оларды жамандауды білмейтін халық.Қазақ елін шын сүйетін азаматтар мен азаматшылар өте көп. Мен де елімді сүйетін қазақтың қызымын.Мен қазақ болғаныма мақтанамын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері ,сол мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлттың ауызбіршілігін ,қадағалауға үлесін тигізген бастық ағаларға алғысым шексіз,бәрі де сол кісілердің арқасында.Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білемін.
Қазақстан — қазақ халқының ата-бабамыздың қонысы. Халқымыз өлшеусіз табиғат байлығымен қатар, ең бастысы сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекшеленетінін ұмытпаған жөн.Бүгінгі шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу – біздің ұрпақтың бағыты болуы тиіс.
Мақал мәтел.
Бірінші байлық --денсаулық
Екінші байлық --ақ жаулық
Үшінші байлық--он саулық.
Елу жылда ел жаңа.
Жүз жылда қазан.
Жүз теңген болғанша жүз досың болсын.
Жұмбақтар.
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. //он саусақ./
Екі атым бар тынбайтын
Өзімді ғана тыңдайтын. / екі аяқ /
Отыз екі мықты
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. ./тіс/
Менің сымым қайда?маған жабаңды берші.маған жадағайды сатшы
Ответ:
Эссе.
Қазақстанның ғажайып мұралары.
Жоспар.
Кіріспе.
Адамзат тарихының күретамыры.
Негізгі бөлім.
а) Халық мәдениеті.
ә)Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары.
Қорытынды.
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары ауыз толтырып айтуға жетерлік. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар Бұл – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге, 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ мәдени тарихи мұралар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерделеуіміз керек, келер ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек. Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек! Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Бұл тарихи мұралар еліміздің қазынасы екенін есте сақтайық.
Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ. Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей картаяр