1) Отан отбасынан басталады.
2) Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді
екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса
да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын)
сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: Сенің мектебің
3) Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).
Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
тас пер тас бер
3) А-та, Ә-же, Ба-ла, (АШЫҚ БУЫН)
Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді : ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жүйрік ат, мөлдір су, әдепті бала, үлкен үй,тәртіпті оқушы
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. <span>
</span>
Келешектің мектебі қандай? Бәріміз бірге армандайықшы. Әңгіме мектептің құрылысында, қандай ғимаратта орналасқанында емес. Мектептің негізгі міндеті жайлы, яғни білім беру деңгейі туралы. Мектепте оқысаң да, лицейде оқысаң да, гимназияда оқысаң да бәрібір, білімге құштарлық, білсем деген құлшыныс оқушының өзінде болуы керек. Болашақтың әрбір мектебі терең білім ұясы болса екен. Дегенмен, керісінше болады ма, - деп қорқамын. Себебі, біз қазір ойланғымыз, есте сақтағымыз келмейді, бәріне ерінеміз. Бәрін біз үшін біреу істеп бергенін қалаймыз. Көп оқиық, көп ізденейік, болашақтың мектебінің оқушылары.