Жыл аяқталған сәтте спорт үздіктерінің есімдері белгілі болады. Біздің еліміздің әр аймағында облыстық спорт комитеттері жыл бойында өздерінің спортшыларының ұлттық құрама сапында шет ел ареналарында немесе өз ішіміздегі жарыстарда қол жеткізген табыстарын елеп-ескеріп, оларға сый-құрмет көрсетуде. Садық Мұстафаев басқаратын Қызылорда облыстық спорт басқармасы жыл қорытындысын өзгеше әдіспен шығарыпты. Яғни әр спортшыға жарыстарда қол жеткізген жетістігі үшін ұпай беріліп отырады екен. Шәкірті жүлдеге ілініп жатса, бапкерінің де еншісіне ұпай жазылады. Биылғы Сыр елінің үздік спортшысы, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Илья Ильин атанды. Ильин – сондай-ақ спорт саласы бойынша «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Ал оның бапкері Валерий Пак үздік жаттықтырушы атанды. Ильин әрине, жылғыз Сырдың емес, бүкіл Қазақ елінің үздік спортшысы атағына әбден лайық. Илья осы күзде ғана әлем чемпионатында екінші мәрте алтын жүлдені жеңіп алып, соның құрметіне Санто Доминго аспанында көк байрағымыз қалықтап, әнұранымыз шарықтаса, сол жетістігін Илья Катарда өткен Азия ойындарында қайталап, мерейімізді бір тасытып тастады. Талантты спортшының осындай толағай табыстарға қол жеткізуіне жергілікті спорт басқармасы да өзіндік үлес қосып отыр. Оның жаттығу жиындарынан қол үзбей, алаңсыз дайындалуына барлық жағдай жасаған. Ірі жарыстан жеңіспен оралған Илья әрқашан да облыс әкімі Акрам Адырбеков тарапынан қомақты сыйлықтарға да ие болды. Жыл қорытындысына байланысты облыстың үздік спортшылары мен таңдаулы бапкерлерінің басын қосқан жиында аймақ спортының басшысы Садық Мұстафаев мырза: «Сыр бойында қазіргі таңда спортқа ерекше мән беріліп отыр. Ильинді айтпағанның өзінде, ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшылар баршылық. Сонымен, ел спортының өркендеуі үшін жаңадан спорт кешендері ашылып жатыр. Ауылдық жерлердегі спорт мектептеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда біздің облыста ауыр атлетика, дзюдо, велоспорт, гандбол, күрес түрлері жақсы дамыған. Сонымен қатар ізбасарлар тәрбиелеуде де атқарылып жатқан істер баршылық. Мұның бәрі әкімшілік тарапынан жасалып отырған қолдаудың арқасында» деді. Жиын соңында 15 номинация бойынша таңдаулы спортшылардың барлығына бағалы сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ Өскеменде шығысқазақстандықтар да жыл қорытындысын шығарды. Катарда өткен Азия ойындарында 26 шығысқазақстандық спорттың 12 түрі бойынша бақ сынады. Осыған орай шығысқазақстандық спортшыларға марапат көрсеткен облыс әкімі Виктор Храпунов мырза Катарда жеті сайыс бойынша Азия чемпионы және ұзындыққа секіруде қола медальға ие болған Ольга Рыпаковаға үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Сондай-ақ Ольга осы өңірдің жыл спортшысы атанды. Ольга биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында жетісайыстан бас жүлдеге ие болып, 20 жыл бойы бұзылмаған құрлық рекордын жаңартқан болатын. Сол сияқты екі мәрте Азия ойындарының жеңімпаздары каноэ мен байдаркада ескек есуші Торлопов пен Дмитрий Кальтенбергер, гимнасшы қыз Ксения Глушкова, ойындардың күміс жүлдегерлері Ольга Смирнова мен Алмас Атаев, велошабандоз Алексей Лялько, қола жүлдегерлер – дзюдошы Гүлжан Исанова, семсерші Сергей Ходостар сый-құрметке ие болды. Әкім Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлеріндегі спортшыларды да кенже қалдырмады. Армрестлингтен әлем чемпионы Нұржан Дукиевке автокөлік сыйға тартты. Самбодан әлем біріншілігінің жүлдегері Айдар Қайырбаев та құр алақан қалмады. Ал Маңғыстау облысында аймақтың ең үздік спортшысы атағына каратэ-додан Азия ойындарының чемпионы Халид Халидов ие болды. Сондай-ақ әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Магомед Круглиев, бокстан әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, самбо мен қазақша күрестен Азия чемпионы Әділ Бисенқұли бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Қарағанды облысында онсайысшы Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Карпов жыл спортшысы атанды. Сондай-ақ ойындардың жүлдегерлері, жеңіл атлет Сергей Засимовичке, былғары қолғап шебері Серік Сәпиевке және дзюдошы Келбет Нұрғазиналарға қошемет көрсетілді.
Асқардың апайтөстері Олимпиада жолдамасына қол жеткізуді көздейді Су добынан қазақ елінің спортшы қыз-жігіттері 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқыраған болатын. Төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қос құрамамыз абыроймен қорғады. Алайда араға төрт жыл салып өткен Афины ойындарында бағымыз жанбады. Асқар Оразалиновтен тәлім алған жігіттер өз әріптестері алдында әлсіздік танытты. Өйткені ұлттық құрама бұғанасы қатпаған жастардан жасақталған болатын. Сидней Олимпиадасынан кейін жігіттеріміздің бірнешеуі ұлттық құрамадан кетіп, олардың орындарын жастар басты. Қазір Асқар Сабалақұлы өзі жасақтаған жаңа команданың құрамын сақтап қалудың қамын ойлап жүр. “Бұл кілең қазақ жерінде туып, осы жердің суын ішіп, саф ауасын жұтып өскен өрендер. Олардың тәжірибесі өте аз. Себебі бұлардың басым көпшілігі 21-23 аралығындағы жігіттер. Ал біздің спортта жас мөлшері нағыз шарықтау кезеңі 27-33 жас аралығын құрайды.
Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Менде досым бар.Оның атың (имя друга).Ол өте ақылды және күшті.Біз үйге бірге барайық.(имя друга) маған көмек теседі ал мен оған көп заттар және бұйымдар беремін.Менің досым тату.