Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
– Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
– Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
– Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
– Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Туйенiн кандай ерекше касиетi бар?
Түйенің ерекше қасиеті, ол шөлге шыдамды, жүк артса -көлік, жесе-ет , жүні киімге жараған.
Сиыр малынын кандай пайдасы бар?
Сиырдың терісінен қымыз ашытатын саба, сусын қоятын торсық жасаған. Тезегін отын ретінде пайдаланған, егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған
Сиырдын муйiзiнен не жасаган?
Сиырдың мүйізінен тарақ жасаған.
Қойдын жунiнен кандай буйымдар жасауга болады?
Қойдың жүнінен киіз басып,
жіп иіріп ,бау жасаған, кілем, текемет жасаған.
Қазак халкы кой мен ешкiнi калай кабылдаган ?
Қазақ халқы қой мен ешкіні ,,уақ мал ,, деп атайды.
Ешкiге байланасты калыптаскан кандай соз бар?
Ешкіні “жеңілтек мал” деп есептеген,себебі мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы ;Ешкі құсап селтеңдеп , деп ешкіге теңеген.
Жылкынын пайдасы кандай?
Жылқыны салт мінген, көлік ретінде пайдаланған.Жылқының қымызын емге пайдаланған.
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).<span>3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).</span>
Кабанбай батыр - как зовут?
кабанбай-как же еще