Перевод: написать соседей этих чисел
1)123
2)456
3)678
4)8910
5)111213
6)141516
Менің інім бүгін бірге толды.Біз оның тұсауын ала жіппен кескелі жатырмыз.Себебі өскенде адамдардың ала жібін аттамауы үшін ала жіппен кесеміз. Бұл қазақтың дәстүрі. Ал біз ол
<span>“Сәлемдесу – парыз” екенін бәріміз де білеміз. Осы парызымызды бұзбай, күн сайын көптеген адамдармен сәлемдесеміз, амандасамыз. Күнделікті өмірімізде ер кісілерге “Ассалаумағалейкүм!” деп амандасамыз. </span>Араб тілінде бұл сөздің дәл солай айтылуы – “Салем әлейкум” және “Әлейкүм салем”. Аудармасында “Салем” – “Бейбітшілік”, “Әлейкүм” – “Сізге”. Сонда біздердің сәлемдесіп жүрген сөздеріміздің мағынасы – “Бейбітшілік Сізге”, “Сізге де бейбітшілік” болып шығады екен.
Ата-Бабаларымыздың, әке-шешелеріміздің: “Құдай тыныштығымызды бере көр” деп отыратыны – тыныштықты, бейбітшілікті тілегеннен шықса керек. Адамзаттың өзі бейбітшілікті қалайды емес пе. Біздің халық бұл сәлемді ерекшелеп, салихалылық беріп, “Ассалаумағалейкүм” деп, негізгі мағынасын бұзбай ажарландырған, айбат берген.
Бұлай амандасу, сәлемдесу біздің өмірімізге Исламмен бірге келгені сөзсіз, біздің халық ұлттық дәстүрлерімізді осы Исламға негіздеп, қайшылық болмайтын етіп, өмірлеріне енгізген ғой. Ал, сол Исламдық келгенге дейінгі өмірлерінде Ата-Бабаларымыз қалай амандасты екен? Қазір ТВ, радиоларда жүргізушілердің “Армысыз”, “Ар ма”, “Сәлем бердік” деп амандасқандарды көріп жүрміз. Бұлай амандасу сол әріден келе жатқан сәлемдесу түрі болар деп ойлаймын. “Сәлеметсіз бе”, “Саламат па” деген амандасу түрлері бертін келе, Совет заманында шыққан сияқты. Саясят араласуымен шыққан болар.
<span>Қалай амандасқанда да, Қазақтың амандасуы құлаққа жағымды естіледі. “Сәлем – сөздің атасы” деген қазақ, амандасып, сәлемдесіп жүрейік!</span>
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!