Мен өмірді сүйемін…»
Өмір деген тіршілік, қоршаған орта, адамның өзі. Өмірдің қызығы ол осы дүниенің сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Жастар арасында «Салауатты өмір салтын сақтау» мақсатында «Мен өмірді сүйемін…» сайысын «Мед.биофизика және биостатистика» модулінің профессоры Б.М.Адибаев, доценті Г.Е.Байдуллаева және аға оқытушы Н.М. Алмабаева ұйымдастырды.
Өмірдің жолдары бар бұраңдаған,
Бірі жеңіл жол десе, бірі ауыр таңдаған.
Күн мен түн зуылдайды ізін жалғап,
Өтеді уақыт сансыз сағаттаған.
– деп СТ013-001/1 топ студенті Жолшибекова Әсел өз өлеңінде жырлағандай сайыста өз қаламынан ұшынан шыққан туындылар (эссе, өлеңдер, суреттер, фотоколлаж) қабылданды.
Сайысқа 18 туынды түсті, оған «Жалпы медицина», «Стоматология» факультетінің I, II курс студенттері және Қазақ қыздар Педагогикалық Университетінің физика – математика факультетінің I-курсының 2 студенті қатысты.
ОЮ
ОЮДЫҢ
ОЮҒА
ОЮДЫ
ОЮДА
ОЮМЕН
Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды бұл өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға!- дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер деп ойлаймын.Адамға Аллаһ бұйыртқан уақыттан асқан сыйлық жоқ...