ЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық
поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта
шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне,
ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Ж. п.
қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани
қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру,
жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ
арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті,
көркем келісімді аңғару қиын емес. Ж. п. сұлулық пен сезімнің шеңберінде
шектелмеген. Содан да болар, Ж. п-да мейлінше терең танымдық ойлар
буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс,
заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз
пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние
жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Ж. п-ның терең
дүниетанымдық сипатын аңғартады. Ж. п-ның алғашқы өкілдері, кезінде
бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа
әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те
саналады. Елге, ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының
болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін
айқындап кетті. Асан Қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ
халықтарында да сақталған. Мұндағы деректер арасында алшақтық жоқ деуге
болады. Асан Қайғы – көптеген нақыл сөздердің, филос. толғаулардың
авторы. Ол ел іргесінің берік болуын армандайды. Өз өлең, толғауларында
мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін
насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М.Әуезов "Қазақ халқы өзінің
тарихы жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезді. Ел
мұңын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да
осыдан” ("Уақыт және әдебиет”. А., 1962, 57-б.) деп атап көрсетті.
Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын
шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның (15 ғ.) біздің
дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс,
тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының
байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі сол дәуірдегі
қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады. Қазтуғанның
ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған
әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Ж. п-ның дамып,
өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша
әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523 ж. ө.)
шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі
көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады. Ойлы да
сырлы Доспамбет толғаулары тақырыбы, мазмұны ғана емес, көркемдік
ерекшеліктері тұрғысынан алғанда да соны сипатта. Доспамбет толғаулары
ең алғаш 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Ж.
п-ның ең көрнекті өкілі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465 – 1560). Өзінің
ұзақ өмірінде Дешті Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының
бірінші ақыны боп танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін
күрес үстінде өткізеді. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да
шашбауын көтермейді, турашылдығынан танбайды. Жыраудың шағын көлемді
шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – дала тұрғынының дүниетанымы,
адамдық табиғаты, мінез ерекшелігі, адамгершілік, этик. қағидалары айқын
аңғарылады. Жырау дүниеде мәңгі, тұрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем
бір қалыпта тұрмайды, адам өмірі де өтпелі. Жырау осының бәрін табиғат
заңы деп түсінеді. Жырау адамдық қасиеттерді асқақтата жырлайды. Жеке
бас еркіндігін бәрінен жоғары қояды. Отаншылдық рухты насихаттайды.
Шалкиіз қазақ поэзиясын көркемдеу тәсілдері, өлең өрнегі саласында да
айрықша байытты. Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 ж. хатқа түсіп,
баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты
бүгінгі күндерге бірсыдырғы толық жетті. Негізгі қадым замандарда
белгілене бастағанымен, Шалкиіз және Доспамбет шығармалары арқылы
қалыпты жүйеге түскен жыраулық өлең өлшемі көне ақындар шығармаларында
және батырлар жырында үш ғасырдан астам уақыт кеңінен қолданылды. Қазақ
халқы ерлік күреске толы күн кешкен 17 ғ-дан біздің заманымызғаЖиембет (17 ғ.), Марғасқа (17
ғ.) жыраулардың шығармалары жетті. Екеуінің де өмір жолы Есім хан
тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты.
Говорить плохие слова это не друг. Когда тебе отдали друга,не смотри в её сон. Чем отдавать напрасно,дай своему другу. Когда приедешь к другу,не приходи напрасно. Если увидешь друга не бойся.
Биыл жаз өте ыстық емес жаңбыр жиі жауып тұр. Егіе көкөніс жеміс-жидек көп. Адамдар бақшада үлкендерге алма алмұрт жинап жүр. Атам мен әжем ауылға кетті. Жазда ауылда жұмыс көп. Атам мен әжем ауылдағы балаларына көмектесуге кетті.
Буын-сөз ішіндегі бір не бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек Ашық буын-дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады (ба-ла) жəне бір ғана дауысты дыбыстан тұрады (а-ға) Тұйық буын дауысты дыбыстан басталп, дауыссыз дыбысқа аяқталады (ант) Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады(мек-теп)