КазахскийТранслитерировать
Овощи теперь живут в магазинах в любое время года. Потому что они хороши для здоровья. Мы обедаем каждый день
Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді.
Күн жауса тондыны ұрар.
Киім кірі жуса кетеді, көңіл кірі айтса кетеді.
Жетіскен жеті шапан киеді.
Орамал тон болмас.
Мысалы: мен досымның адалдығын, салмақтылығын, ұстамдылығын, өзіне деген сенімділігін жақсы көремін. Оның маған қолдау көрсеткені ұнайды.
Менин суйкти жазушым бауыржан момышулы ол киси ари батыр ари кахарман ол атамыздын жазган олен создери китаптары оте магыналы ари тарбиели ар бир созинде кунды магына жатыр .китап билим булагы сол китаптарды окып омирлик жолымызды тандауга улкен мумкиндик береди
Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық адам баласының мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы.
Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген.
Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.
Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады.
Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.
Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ.
Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.
Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.