Ответ:
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Ж-ны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды.