19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған қазақ баспасөзінің көш басында жалынды сөз-публицистика жанры тұрғаны рас. Өз бастауын аса бай халық ауыз әдебиетінен алған қазақ көсемсөзі Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларынан көрініс тапты. Журналистика ғылымын көп зерттеген ғалым Т. Ыдырысов мынадай анықтама берген: "Публицистика – жазушы мен журналистің пікірі, күнделікті өмірге, әрқилы қоғамдық құбылысқа пікір айтуы, кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси- көркем проза, қаламгердің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді толғауы". Осы реттен алғанда, публицистика қашан да қоғамдық өмірдің алғы шебінен табылатыны ақиқат.
"Публицистика – кең мағыналы, аумақты ұғым. Оны тар шеңберде тұжырымдауға болмайды. Оған белгілі бір маңызды оқиғаларға арналған саяси, насихаттық, проблемалық мақалаларды да, деректі естеліктерді де, экономика мен мәдениеттің өзекті мәселелерін қозғайтын жинақы корреспонденцияларды да, репортаждар мен сұхбаттарды да, арнаулы ашық хаттарды да жатқызуға болады. Асқақ шабытпен, әсерлі жазылған газет мақаласы, сөз жоқ, көркем шығармалар жазуға итермелейді. Публицтистика әрбір сөзді, әрбір пікірді елеп, сұрыптап жазатын тарих емес, ол өмірдің өзі деуге болады.
Алайда публицист дәуір тынысын дәл танып, күнделікті жағдайға белсенді араласатын саяси- әлеуметтік құбылысты бұқараға таптық тұрғыдан пәрменді жеткізетін жұртшылықтың талап тілегіне дер кезінде үн қосатын қоғам қайраткері. Ол – жан- жақты білімді дүниедегі өзгерістерге батыл, сергек қарайтын адмзат тағдырына ойлана көз жіберіп, принципті қорытындылар жасайтын, өзінің көтерген мәселесіне байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын жалынды қаламгер. Публицистің шығармаларында "ақиқат заңдылық" басым тұрады. Алайда, ескіні еске алмай, жаңаның жарқын келбетін тану қиын. Олай дейтінім әрбір халықтың тарихи көшінің ұлан- ғайыр, ұзақ сапарында ұмытылмас ұлы кезеңі, биік белесі болады.
Қазақ халқы өз тарихында талай кемеңгерлерді туғызды. Киіз туырлықты қазақтың өзіне сай, өз ортасын жарып шыққан даналары мен ақылгөйлері толып жатыр. Найза ұстаған қаһарман батырлары, сөз асылын терген ақындары болды. Олар халқымыздың зор мақтанышы екендігіне сөз жоқ. Асыл сөздің маржанын терген, құнарлы ойдан туған құнды сөз арқылы өз толғанысын халқына жеткізе білетін де жазушы. Әрбір жазушының өз шығармасындағы сөз қолданысы халқтың көңіліне бейне шамшырақтай орнағаны абзал. Яғни сөз өмірдің салихалы түйіні. Олай болса, сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын адамның эстетикалық ой сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипаттың бірі.
Мен сурет саламын. Сен жапырақты бояйсың. Әнел билейді. Әлібек ән салады. Саша доп ойнайды. Анна суда жақсы жүзеді.
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. «Қанағат қарын тойғызады»-дейді халық философиясы. Ендеше, қанағат болған жерде бақыт та болады.
Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда!
Бір күні сіздің бөлмеңіздің терезесінен көк құс бөлмеңізге ұшып келді. Бұл адасқан құс сізді қызықтырды, және сіз оны өзіңізге қалдырғыңыз келді. Сіз ол құсты торға салып қойдыңыз. Бірақ сізді таң қалдыратыны бұл құс келесі күні көк түстен сары түске айналды. Бұл құстың басқа құстардан ерекшелігі — әр түні өзінің түсін өзгетуінде еді. Үшінші күні таңертеңгісін ашық қызылға, төртінші күні мүлдем қара түске айналды.
Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.
Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті.
Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық, абзал достар!
Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін рмзашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.
1)Ағаш шебері дегеніміз кім?
2)Ол қандай заттар жасайды?
3)Ағаш шебері қандай қасиеттерге қарап бұйымдар жасайды?