Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
Сөз анасы – құлақ.
Бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғылыққа сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен жазылмас деген жан жарасын жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады.Ежелден-ақ қазақ елі сөздің қадірін біліп,жоғары қойған.Артындағы жас өрендерге «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп тәрбие берген.Алайда,бұл қастерлі екен деп жөн-жосықсыз сөйлей беруге де болмайды.Дана халқымыз:“Көзі жоқ, құлағы саудың – ақылы толады,құлағы жоқ, көзі саудың – ақылы солады” деп бекер айтып кетпеген.Сөйлеместен бұрын ести алуың керек.Өзгелер айтқан сөзге құлақ түріп,сараптан өткізуің қажет.Керектісін тіпті жадыңа сақтап ал.Осылайша зейін салып тыңдау арқылы ғана сен өзгелерге өзіңді ұйып тыңдаттыра аласың.Кешегі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да туа сала сөз кемеңгері болмады.Жастайынан әже мен ана,ел аузынан небір қисса,дастандарды, аңыз-әңгімелерді тыңдап өсті емес пе?
“Адам құрсағынан арықтамайды,
құлағынан арықтайды” деген бір-екі ауыз сөзде де зор мән бар.Адам өз құлағы арқылы таңғажайып жылы,әсем сөздерді ғана емес,лас,дөрекі,жүрекке тиер сөздерді де естиді.Міне,мақалдың ойы осында.Құлағыңды ақпа құлақ етпе,онымен тұрпайы сөздерді тыңдама.Одан да жылы-жылы сөздер тыңдап, рухани азық ал,гүлден.
Менің анам өте жақсы. себебі ол мейірімді жəне мені қатты жақсы көреді. ол мені əрқашан мақтап жүреді. жəне əрқашан сүйіп жақсы көріп жүреді. мен де оны жақсы көремін.
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады.<span>Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.</span>