Дастархан дәм ырым дәстүр
-ның -нің -ның -нің
-ға -ге -ға -ге
-ды -ді -ды -ді
-да -де -да -де
-нан -нен -нан -ден
-мен -мен -мен -мен
Мен ерекше баламын.Иә, кейбір балалар тентек болып жатады,бірақ ата-анасы үшін ең үлгілі бала болып келеді.Өйткені әр ата-ана өзінін баласын өмірінен артық жақсы көреді.Мен өзімді тым кереметпін,ерекшемін дей алмаймын,бірақ әр баланын өзінін жақсы қасиеті бар.Ата-анамыз бізді адамдарға жамандап емес,жақсы жағынан айтады,сондыктан да біз олардын алдында ерекше болып көрінуіміз керек.
Болашақта менің психолог болғым келеді. Өйткені ол адамдарға қиын жағдайларында дұрыс бағытын көрсетеді. Адамның жан-дүниесін зерттеп, құтқарады. Мен бұл мамандықты неге таңдадым десеңіз,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды адамдардың санасына жеткізуге тырысамын.Өмірдегі қиын жағдайларында оларды алға ұмтылдыру,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін сендіру. Өмірде көптеген адамдар қиналып,тығырықтан шығар жол таппай жүргендерін талай кездестірдім. Оларға үміт керек екенін түсіндім.
Күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек екендігін білемін. Маған адамдарды тыңдауға әсіресе ұнайды. Кейде адамның ең қиын жағдайы - жалғыздық. Олар өз сезімдерін кімге айтарын білмейді. өзін босқа кінәлай бермей,сондай адамдарға көмектесемін деп ойлаймын. Менің ойымша, психологтар - құтқарушылар. Сол құтқарушылардың бірі мен боламын деп армандаймын.
Менің сүйікті спорт түрім - мәнерлеп сырғанау. Маған мәнерлеп сырғанаушылардың қалай сырғанайтынын қарау өте қатты ұнайды. Олар бұны өте әдемі жасайды және мүлдем қорықпайды. Әрине, мен мәнерлеп сырғанаумен шұғылданбаймын, бірақ бос уақытымда мұзға шығуға тырысамын. Ешбір спорт түрі маған мәнерлеп сырғанау сияқты қызықты көрінбейді. Жалпы, бұл спортты ессіз ұнатамын.