"Өмір бұл күтпеген тосын сый" Өмір, Ех Өмір шірін ғажап тіршілік қой! Бірде күлесің, бірде сүрінесің, құлайсың, шаттанасың, түсініксіз бір күйге енесің, кейде бақыттан басың айналады, ұрысасың, татуласасың, ғашық боласың, ренжисің. Өмір бізге берілген құдды бір сынақ секілді, аяғыңды кішкене шалт бассаң өмірің құрдымға кетеді, сол себепті әр қадам, әр парақты байыппен, нақты шешім қабылдап басу керек. Кейде барлығы аяқ астынан болып қалады, күліп отырып жылап жібересің, жылап отырып, күліп жібересің. Адал болып өмір сүрсең тағы болмайды, өйткені «қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан» демекші кінәсізден кінәсіз өтірікші болып шыға келесің. Қазіргі заманда біреуге жақсылық жасасаң, ол өзіңе соны жамандықпен қайтарады.Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, ана, әке, ата, әже атану үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда.
Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.