<u>Мәтін</u>
<u>Бәйге.</u>
Бәйге – ұлттық ойындардың ішіндегі ең маңыздысы.Жылқы болған жерде бәйге де бар. Қазақ танымында бәйгенің көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: аламан бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс, т.б.Бәйге – біз біле бермейтін этнографиялық мазмұн мен бай дәстүрге ие. Бәйге өткен заманда үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, даулы мәселелер туындамас үшін бәйгенің билігі беделді ақсақалдарға жүктелген. "Бәйге ат мүсінін жасырады" демекші,бұл жерде аттың сұлулығы емес,жылдамдығы,ептілігі сыналады.Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді.Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс.Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға,қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Бәйге бүгінгі күні де жалғасын табуда.Әсіресе, дүбірлі мерекелерде,әз Наурызда бәйге жарысы ұйымдастырылып тұрады.
Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі [1,25 б]. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,ақберен ақыны-Махамбет Өтгемісұлы.
Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.
Салем!
Сәлем!
Сен қай қаладан боласың?
Мен Қызылорда қаласынанмын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында.
Сендерде күн жылы ма?
Бізде күн өте ыстық.
Біздің өңірде күн суық.
Қызылордада не өндіріледі?
Мақта, тұқым, егін шаруашылығы дамыған. Біздің өңір дән-дақылдарына өте бай.