Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.
-қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады

-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы
болжалды келер шақ есімше жасалады:

-мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады

-атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады:

Марат есікті ашқан кезде мысық бөлмеге кіріп кетті
Сауле қонаққа баратын кезде ,аурып қалды.
Менің айтар сөзім осы деп- әжем ашулана айтты.
Мен допты алмақ едім,ол әрі қарай домалай түсті.
Сіз қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз деп мұғалім мені сұрады
2 Етістіктің райлары ереже правило
Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады.
Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар:
1) ашық рай,
2) қалау рай,
3) бұйрық рай,
3) шартты рай.

Менің тіл үйірмесіне барғым келеді .Барғым -етістік .қалау рай

Алдымен ойла, содан соң айт. Ойла,айт етістік,бұйрық рай
Мен келсем, сен үйде жоқсың Келсем,жоқсың етістік,шартты рай
Мен бүгін Маратқа қатты өкпеледім.
Біз бүгін жаратылыстану сабағында өкпе туралы өттік.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.