Какой тебе по душе ближе и легче всего:
1 Стих.
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!
2 Стих:
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Паң далам - Қазақстаным!
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз - ағыстарын.
Қырандар қанатында даңқы кеткен
Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы.
Ән далам - Қазақстаным!
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан далам - Қазақстаным!
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!
Дарқандығын сезініп, еркін басып,
Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!
Кең далам - Қазақстаным!
3 Стих:
Бір кезде артта қалған Қазақстан,
Отарлап, үн шығармай патша қысқан,
Советтің ұлы теңдік арқасында,
Өлшеусіз табысым бар белден асқан.
Қат-қабат қалың байлық өндірісім,
Дамыды күн-күн сайын еткен ісім,
Дәуірдің социалистік қазынасы,
Қайнаған дүсір қағып табыс күшім.
Қарсақпай, Қарағанды, Қоңырат, Ақжал,
Орал мен Балқашыма көзіңді сал!
Мыңдаған колхоз-совхоз өндірісім,
Бәрі асыл, бәрі табыс таңдауын ал.
4 Стих:
Жақсы аттанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек,ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!