Ответ:
Досым, мен атам мен әжемнен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтар алдым. Міне, енді өзімнің осындай жақсы жаңалықтарыммен өзіңмен бөліскім келеді. Сен бесіктің не екенін білмейтін боларсың? Бесік жаңа туған нәрестенің жатын орны. Оны ұсталар ағаштан өрнектеп жасайды, бесіктің түрлі жабдықтары болады. Сәбиді бесікке салу үлкен мереке. Бұған ағайын-туыстар жиналады, көпшілігінде болатын әже, апалар. Бесікке нәрестені сыйлы, халық алдында абыройлы кісі салады. Бесікке бөленген нәрестеге арнап бесік жыры айтылады. Балаға бата беріледі. Бесікке бөлеген анаға сыйлық тарту етіледі.
Шілдехана - нәресте перзентханадан үйге келгенде жасалатын той. Ағайын, дос, бауырлар жиналып, дастархан басында балаға құтты болсын айтып, бата, тілектерін білдіреді.
Балаға діни қызметкер немесе үлкен аталар баланың құлағына азан шақырып ат қояды.
Тұсау кесер- бала тәй-тәй басып енді жүре бастағанда ата-анасы халқын жинап, елдің құрметті азаматына баласының тұсауын кестіреді. Бұндағы мақсат бала өмірде сүрінбесін, жолы ашық болсын, саналы, салауатты адам болсын,-деген.
Әзірге айтарым осы, сау бол досым.
Объяснение:
Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары үлы әже деп аталады.
Әке - баласы бар ер адам
Ана - балалы әйел, туған шеше.
Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
Әпке, апа - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.
"Жеті" саны- қазақ халқының қасиетті əрі құрметті саны. 7 шелпек,7 пір,7 амал,7жұт т.б. Қазақ халқы 7 саның өте құрметтейді. Əрбір қазақ 7 атасын білу керек.
Көктемде көгереді,
жазда ырысқа бөленеді,
күзде пісіп марқаяды
қыста бірден қартаяды.
/жер./