Ответы
төменде
Объяснение:
Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
Балдыз - әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
Жиеншар - жиеннен туған бала.
Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әжелерінің оларға туыстық қатынасы.
Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.