Ответ:
1)Әлеуметтік желі – белгілі бір категорияға жататын адамдарды ортақ қызығушылықтарына қарай топтастыратын интернеттегі қоғамдық сайт. Мысалы, Facebook бастапқыда Гарвард студенттеріне арналып бағдарламаланған. Сосын өзге де университет студентерінің тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Ал біршама уақыттан кейін электронды поштасы бар кез келген адам аккаунт ашып, қолдана бастайды. Instagram – көбіне суреттерін бөліскісі келетіндерге арналған желі. Одан бөлек, Twitter, Vkontakte, LinkedIn сынды көптеген елдерде қолданылатын танымал желілер бар.
2)Қазіргі қоғамның 65%-ы ғаламторға күнделікті кіре алады. Демек бүкіл әлем халқының жартысынан көбі әлеуметтік желілер туралы жалпы мағлұматқа ие. Дегенмен сіз біле бермейтін өзге де қызықты деректер кездеседі. Сонымен кезекті қызықты фактілер топтамасымен таныс болыңыз.
3)Көк түсті желі
Facebook әлеуметтік желісінің түсті неге көк екенін білесіз бе? Мұның себебі өте қарапайым. Желіні құрған миллиардер Марк Цукерберг туылғанынан түстерді ажырата алмайды. Нақтырақ айтар болсақ, ол – дальтоник. Цукерберг тек көк түсті ғана анық көреді. Ал Vkontakte желісін құрастырған Павел Дуровтың да түстерді дұрыс ажырата алмайтын көрінеді.
4)Аймақтық желілер
Facebook, Vkontakte және Twitter сынды әлеуметтік желілерді білмейтіндер қоғамда сирек кездеседі. Ал ғаламтордан мұқият іздесеңіз, неше түрлі аймақтық желілерді де таба аласыз. Мысалы, mordawki.ru – тек үй жануарларының суреттерін жүктеуге арналған желі. Ал BeautifulPeople.com сайтына тек сұлу адамдар ғана тіркеле алады. Тіпті, қайтыс болған кісілерге арналған әлеуметтік желі (pomnim.pro) де бар.
5)Туған күнге шақыру
Сіз туған күніңізге қанша адамның келгенін қалар едіңіз? Тесса есімді неміс қызы 16 жасқа толу мерейтойына достарын Facebook әлеуметтік желісі арқылы шақырады. Дегенмен туған күнге шақыру постын жариялау кезінде «тек достарыма» деген батырманың орнына «жалпыға бірдей» дегенді басып жібереді. Нәтижесінде оның хабарламасын кез келген желі тіркелушісі көрген. Сосын Тессаның туған күніне өз қалауымен 15 мың адам келеді. Жергілікті құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері жиналған қауымды тарату үшін біршама тер төгіпті.
6)Құстар да Туиттерді пайдаланады
Мұндай жағдайды Бальдемар Дудум есімді латвиялық журналист жасаған. Құстардың туиттерде микроблог жазуы үшін терезесінің сыртына пернетақта қояды. Ал батырмалардың үстіне арнайы құстарға жем қалдырады. Өз кезегінде құстар азықтану үшін батырманы басып, күніне 150-ден астам микроблог жазып қалдырады екен.
7)Ғасыр қылмысы
Әлеуметтік желіде біреудің атынан тіркелгені үшін абақтыға қамауы мүмкін. Мұндай қатаң заңнама Мароккода қабылданған. Жергілікті университет студенті королдік жанұяның мүшесі атынан әлеуметтік желіде «өтірік аккаунт» ашқан. Қарапайым студент жасаған қылмысы үшін оқу орнынан шығарылып, үш жылға бас бостандығынан айырылады.
8)Фейсбук есімді қыз
Мысыр елінің азаматы жаңа туылған қызына «Фейсбук» деп ат қояды. Ол аталған әлеуметтік желінің елде жаңа билік (2011 жылы Мысырда халықтық төңкеріс болған) орнатуға тиімді платформа қызметін атқарғаны үшін осылай жасағанын айтады.
9)80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді.
10)Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді