Ребустың жауабы : Елу жылда ел жаңа
Тіршіліктің ұлы заңы баршаға ортақ. Құс екеш құс та өзінің ұясын, құмырсқа екеш құмырсқа да өзінің илеуін қорғайды. Сол сияқты, Анадан туған екі аяқты есті пенде өзінің кіндік қаны тамған қасиетті мекенді қастерлеуге міндетті.«Отан оттан да ыстық» деген абыз бабалар. Осы аталы сөз ойыма оралған сайын, көз алдымда балалық шақтың бұлыңғыр елесі көлбеңдейді. Біздің ауыл өр Алтайдың арғы бетінде еді. ХХ ғасырдың басында қазақтың басына қара бұлт үйіріліген зобалаң заманда аталарымыз туған жермен қимай қоштасып, шекара асқан екен. Арғы бетке ауып барған ағайын тіршілігін жасады. Қытайдағы аумалы-төкпелі заманның, «мәдени төңкеріс» деп аталған саяси науқанның қыспағын көрді. Көре жүріп, Ұлы Отанға – Қазақ еліне деген сағынышын сарқылтпады.Иә, ол шексіз, ешқандай өлшемге келмейтін сағыныш еді. Ата-әжелеріміз Зайсан көлі жайлы таңды таңға ұрып әңгімелейтін. Көздеріне жас алып тұрып айтатын. Біз тыңдаудан жалықпаймыз. «Қазақ елін көрсек, қасиетті топырағына аунасақ» деген асыл арман бойымызға күш берді. Отанға деген ұлы сағынышпен есейдік.Қазір мен сол арманыма жеткен бақытты адаммын. Мен ғана емес, тәуелсіз елі бар, оттан ыстық Отаны бар күллі қазақ бақытты. Тек сол Алла тағала нәсіп еткен бақытты сезіну – басты парыз!Кезінде Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған-ды. Мен де елімнің өскелең ұрпағына зор сенім артам. Қазақ ұландарының отаншыл болып өскендерін қалаймын.Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпа. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Көне Қытай жазбаларында Шығыс ғұндардың елбасы – Мөде қаған жайлы дерек сақталған. Мөде қаған Қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі, ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді …» – деп Қытайға соғыс жариялаған екен.Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды.Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай. Түйсігі бар адамға осыдан артық айтылар ақыл болмас. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.Отан – сенің Анаң! Сен Отаннан туған адамсың. Қазақтың қасиетті топырағынан жаралдың. Ауасы мен суынан нәр алдың. Шетелдегі 5 миллионға жуық қандасың дәл осындай бақытқа қол жеткізе алмай жүргенін есіңнен шығарма. Атамекенді аңсап келген ағайынды өзекке теппе. Қайта оларға құшағыңды жай, бауырыңа бас.<span>Отаншыл бол, қазақтың жас ұланы!</span>
Су кайнар козі.Егер су болмаса адам да тіршілік көзіде болмас еді.Егінге де су керек үй жануарларына да керек. тамак истеген кезде анамыз 1 стакан мөлшерде су косады.суды үнемдеу керек. ойткени судында сурауы бар
Алматы қаласы бұрын астана болған, кейін кішкентай Астанаға көшірілді. Қазір үлкен әсем қалаға айналды. Бұрынғы аты Ақмола.Кеңес дәуірінде аты Целиноградболыпты.Мен жазда жолдастарыммен Астанаға баруды жоспарлап отырмын.
<span>Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. Қайырмасы: Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Торғын белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай. Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. Қайырмасы: Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай. Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең, Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай. Халық әні Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі. http://song5.ru</span>