Аулық-тəн, рухани жəне əлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бəрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі қарқындамай, сырқаттанушылық жəне өлім-жітім деңгейі арта түсті. Əсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық жəне улы заттарға əуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тəуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте жəне тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды əдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлықтың кең етек алуы.
Мамандардың айтуынша, «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік-жігеріне байланысты, оны еш нəрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман əдеттерге кінəлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман əдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиет терді жоғары ұстай білуіміз керек. Болаша ғымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық – денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мəтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тəн саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап жəне нығайтуға түрлі пайдалы əрекеттер жасапотырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дəрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа əлі толымды, тұшымды, дəл анықтама бере алмай келеді. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік жəне саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек! Өкінішке қарай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға жəне нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дəрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дəрігерлер қанша ескертсе де жаман əдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын əрдайым, əрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, əрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Əр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын жəне аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат əдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік. Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішкенге не жетсін. Əттең, жастарымыз соны түсінбейді-ау...
Еңбек адамды тəрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тəртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. Сондай-ақ, табиғаттың қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.
Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық. Тумысынан сағы сынып көрмеген, жасу мен жасқаншақтықты білмейтін өжет халық. Мұндай қасиетті текті халықтың бойына табиғат сыйлаған. Тамырын тереңнен тартқан тектілік атам түркі дәуірінен басталып жатыр.
Тарихын тасқа жазған халықтың күлтегін, Тоныкөк сияқты ұлдары, атам түркі жұртының бөрілі байрағын бөріктісіне ұстатып, қас дұшпанына иілмей өткені әлемге аян. Осындай өрліктің жалыны он бесінші ғасырда Қыпшақ даласынан бізге жеткен «Ер Тарғын» аңызынан белгілі.
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін...
Еділдің арғы жағында,
Аттанбадым олжа үшін.
Аттанғаным кәуірге,
Атамның ежелгі кегі үшін, - деп Тарғын бабамыз да ерлік пен өрліктің тағылымын осылай жырлап кетті.
Сан ғасырдан бері осы ерліктің легі үзілмей келіп, Ақтамберді, Доспамбет сияқты жыраулар жырының қайнар бастауы болды.
Ақтамберді жыраудың:
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым – құрым, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң майырылман, -деп толғаған рухты жырының тарихи, жасампаз жалғасы – Махамбет.
Еңсегейлі екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі.
Жауырына жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын.
Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмын! – деген төкпелі, тегеуірін қатты, тепкісі мықты жолдармен өзінің кім екенін жырдың рухымен-ақ танытып тұрған ақын, бұл – Өтемісұлы Махамбет.
Махамбет – өзіне дейінгі қазақтың өрен мінезді жырының мектебін шебер пайдалана отырып, ұлттық өлеңіміздің өнбойына ерлік жырының ерекше үлгісін жасаған реформатор ақын. Оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Соғыс», «тарланым», «Айныман», «Мен едім...» т.б. өлеңдері – қазақ даласындағы жауынгер рухтағы жырлардың жалғасы.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім? – деген жырдың кәусарына бас қойсаңыз, сана төрінде бірде олай, бірде бұлай бұлқынған, жағаласар жауын көргенде хас батырдай жұлқынған ақынның өршіл рухын көз алдымызға елестетеміз.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай не керек?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Міне, осынау жырдың төрінде жеке бастың қамы емес, қазақтың сайын сахарасына жатжұрттық билеп-төстеушілердің емін-еркін еніп, кешегі ата-баба осы ен жайлаған даланың озбырлық пен отаршылдық шеңгеліне түсіп, қиналған сәтін, қамыққан тұсын, аушы-ызасы, нала-мұңы, заруы-торығуы қатар жатқанын аңғарамыз.
Махамбет өз жырында ерлікті болашақ ұрпаққа кеңінен көсіле жырлайды.
Туған ұлдай не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса! – дейді ұлы ақын. Бұл ойдан шығатын түйін: атаңның жолын қу, жаныңа ерлікті серік ет, еліңе пана бол.
Ал, «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңіндегі:
... Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп, - деген жебелі жыр ұшқынынан оның ерлікті, елдікті, бостандықты аңсағанын көреміз. Мұндай өресі биік ой – Махамбетке тән құбылыс.
Махамбет – ел үшін еңіреп өткен алаштың ардақты азаматы. Сан жылдар елінің еркіндігі мен бостандық жолындағы табанды күресімен, ел үшін атқарған игілікті ісімен тарихта атқы қалды. Қараой топырағында Ықылас қолынан абайсызда қаза тапқан ұлы тұлғаның жанкештілігін тебіренбей еске ала алмайсың... міне, ұлы ақын, өжет батырдың туғанына 210 жыл өтсе де,оның еліне сіңірген еңбегін тарих-абыз ұмытпады.
Ол қас дұшпанына қарсы білеткің күшімен, найзаның ұшымен де шайқасты, одан қалса, қанатты қауырсын қаламды қару етті.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік, - деп, Махамбет елі мен жері, теңдік үшін шайқасқанын тебірене жырлады. Бұл – ұрпаққа өнегелі, тағылымы мол, ұлы жыр!
Алаш жұртының арғы-бергі аламан жырларының арасынан шоқтығы оқшау көрінер, ұлт өлеңінің қайталанбас үлгілері – Махамбеттің жебелі жырлары. Елдік пен ерлікті жауынгерлік рухта жырлай отырып, дәуір шындығын айнадай ғып көрсетер, айғақтап айтар ұлы жырларға қалай ғана бас имейсің?!
Ұлы жырға бас ию – ұлт тағылымының ұлы қайнарларына бас ию! Ұлы қайнарларға бас ию – ұлт Рухына бас ию!
Махамбет жыры – ұлттық ой мен танымның тамырын тереңдетіп, рухымыздың абырой, беделін аспандатар ұлы құдірет. Елі мен жерінің азаматтығы үшін алысып, қаһарлы сөзімен, қайсар мінезімен туған халқын ардақтап өткен ұлы перзентінің есімін ұлы жұрты да алақанына сап аялауда.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп құдіретті үнімен тіл қататын ақынның жебелі жырының Рухы ұрпақ санасынан мәңгілікке өшпейді.
Махамбет – қазақ ұлтының отаршылдық заманында елінің елдігімен бостандығы үшін жанын қиған батыры, қазақтың ұлы тұлғасы. Оның елі үшін атқарған игілікті ісі