Жердің сәні-егін
ердің сәні - білім
ел боламын десең бесігіңді түзе
ынтымақ оқ өтпес сауыт татулық тамаша сауық
Болашақта кім болам?
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Мектеп...Осы сөзді естігенде қай адам болмасын елең ете қалары анық.Біз мектептен алғаш әріп танимыз,алғаш білім аламыз.Яғни білім атты теңізде тек мектеп арқылы сүңгуге болады.Біздің мектептегі алған біліміміз басқа да,өскен соң алған біліміміз басқа.Яғни бала кездегі алған біліміміз тасқа жазылған жазудай болып есімізде мәңгі сақталып қалады.