Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүру – өмір заңы. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз, телехабарлардан көреміз. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.
Туған елдің
тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте
сақтаймыз!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың
алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр
күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін
бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!
Науқас адам: -Сəлеметсізбе!Кіруге бола ма екен? Дəрігер: -Сəлеметсізбе!Кіріңіз,бір жеріңіз ауырып тұр ма? Науқас адам: -Ия,менің ішіп бүріп ауырып тұр.Оған не істеуге болады? Дəрігер: -Жарайды мен қазір сізге дəрі жазып берейін! -Міне алыңыз осы қағазда жазылған дəрілерді сатып алыңыз!Күніне екі рет ішіп тұрыңыз.Көмектеседі деген ойдамын. Науқас адам: -Рахмет,менде солай ойлаймын.Сау болыныз! Дəрігер: -Сау болыныз!