Ответ:
Біздің үйіміз орталықта орналасқан. Үйдің айналасында оң жақта Мәдениет үйі, сол жағында EXPO-ға арналған жасыл-желек бар. Үйден бір көшеден кейін мектеп ғимараты орналасқан. Біздің үй әдемі мекемелердің жанында тұрғанына қуанамын.
Конак койдан жуас,май берсенде жей береди.конак келсе уйдин ырысы.конакасы -танир асы.конакты созбен тойдыра алмайсын.конагын силаса торге шык дейди.жаяу конак тыныш уйктар.бурынгы конак сонгы конакка орын берер.сыйлы конак босагада отырмайды.ток конакты силау онай.конагым Сен ет деме,мен кет демеймин!
Менің таңдаған мамандығым - заңгер. Болашақта атақты адвокат болғым келеді. Адамдардың құқықтарын қорғап, оларды жаңылыс тағылған айыптардан арашалауды көздеймін. Тағы бір таңдау себебім - заңдарды толық білу және қолдану. Өмірде өзінің құқықтарын білетін адам үлкен жетістіктерге жетеді. Сонымен бірге бұл мамандық қоғамға да өте пайдалы. Белгілі бір себептермен өз күшімен заңдарды оқып, олардың анық қанығына жете алмаған адамдарға заңды түсіндіру тұрғысында көмек беру заңгердің міндетіне жатады. Бұл жерде заңгер мамандығы қоғамға құқықтық жағынан өте пайдалы.
Бұлбұл туралы мәлімет
Бұлбұлдар — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.