<span>Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.</span>
Кітап асыл казына, себебі кітапсыз біз білім ала алмаймыз, күш білімде, ал білім кітапта дейді ғой қазақ бабмыз, біз кітапты таза,ұқыпты ұстауымыз керек,себебі кітаптан біздін үйренеріміз көп (немесе мол өз калауынмен)
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Ал менің досым өте ақылды, тəрбиелі, адал. Ол тек маған қиын келетін сабақтартан көмектеспейді, мені жақсы қасиеттерге тəрбиелеуге көмектеседі. Қуаныш пен қайғыда қасымда болады. Ол-нағыз дос!
-Сəлем! Қалайсың?
-Салем, жақсы. Өзің ше?
-Менде де бəрі жақсы. Келе жатқан мейрамыңмен!
-Қай мейрам?
- Сен білмейсің бе?! 1 мамыр - Қазақстанның халқының бірлігі күні.
- Білмеппін. Оны не үшін мейрамдайды?
-Бұл мерекені Қазақстанның халқы бірлік болу үшін мейрамдайды.
-Тамаша! Оны қалай мейрамдайды?
-Бұл мерекені көңілді мейрамдайды. Бəрі орталыққа шығып, мерекені тойлайды. Осы мейрам үшін Қазақстанның халқы бейбіт өмір сүреді.
-Күшті. Солай болса,1 мамыр күні орталыққа бірге шығып тойлайық.
- Əрине. Тағы да келе жатқан мейрамыңмен, сау бол!
-Сені де келе жатқан мейрамыңмен құттықтаймын, сау бол!
Қу түлкі Хитрая лиса
Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты.
Бір күні қасқыр мен түлкі қалай жесек деп сылтау іздей бастады. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа келіп былай депті:
- О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз!
Жомарт түйе шыдамай, өзін жеуді ұсынды. Қасқыр мен түлкі бірінші болып бас салды. Сосын оларға жолбарыс та қосылды.<span>Сөйтіп, түлкінің арамдығы арқасында түйе үшеуіне жем болды.</span>