Киімді тазалау əркімнің қолынан келе бермейді ,оғанда күтім қажет . Киімді жуған кезде арнайы иіс сабындарды қолданады онымен киім таза жəне хош иісті болып тұрады .Киімді киіп боүан соң оны арнайы ілгішке ілу керек , жоғарыда тұрса ол шаң тартпайды .Киімді осылайша күту керек
Менің ана тілім орыс тілі.Мен сурет салуды уйренемін. Сен өлең жаттайсың .Біз кездесуге бардық. Көп білім алдым.Сөзді аудардық.
Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.
Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Біздің бұл сөзімізге шегі барлар балалар бақшасын кеше аттаған балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы. Сонда солардың аузыңдағы бала көкірегіне салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақысы , тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар , сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар мен диалогтар қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.
<span>Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына, сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші. Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы «құлақтан кіріп бойды алар» сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтырының арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз.</span>
Адам мектепке кіп-кішкентай болып келеді. Кешегі күні ғана бала - бақшада жүрген бала, мектеп табалдырығынан аттайды да оқушы атанады. Сонымен кішкене сәбидің өмірінде тарихтың басқа бір парағы ашылады. Оқушы- бұл кешегі ойын баласына неткен қиын қызмет. Сағатпен тұру, мектепке бару, келгеннен соң сабаққа дайындалу. Ия, мектеп өмірі оп-оңай емес екен. Ой, мынау ауыр сөмкені айтсай. Жоқ, біраз барғаннан кейін, мектеп өміріне үйрене бастайды. Жаңа достар, жаңа тапсырмалар, бәрі қызықты. Бұрынғыдай емес, мектепке өзі асығып барғысы келеді. Демалыс күндерін зорға өткізеді. Мектеп өмірі тамаша екен ғой. Жылдар зымырап өтуде, әні-міне дегенше бұл өмір де басқа ересектер өміріне ауысады-ау.