Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті мәңгілікке айналды. Бұрынғы фольклорлық ән үлгісі келе-келе томаға-тұйық қалыптан әлдеқайда ұзап шығып, жеке ауылдың, болмаса ру-ұлыстың ғана тиесілі сыбағасындай болмай, кең-байтақ қазақ сахарасының ортақ туындысына, қазына байлығына қосылды. Сарыарқадан ән әуелеткен Сегіз сері, Біржан, Ақан сері әндері қазақ жұртының батыс-шығысына тегіс жария болды. Бұл қатарда алдымен ауызға ілігері – тағы да Абай әндері. Оның ішінде ел көкейіне қона кеткен ерекше екі ән – «Айттым сәлем, Қаламқас» («Жігіт сөзі») пен «Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп») қазақ сахарасында кең таралды.
Қарт Шыңғысты мекендеген елге арқа әндерінің дендеп тарай бастағаны да ұлы Абайдың ән, сән түзеген жастық, бозбалалық шағымен тұспа-тұс келетінін Мұхтар Әуезов әріден байыптап, суреткерлік шеберлікпен пайдаланғаны оқырманға «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы белгілі. Ұлттық поэзиямызға жаңа мазмұн, жаңа түр беріп, сол арқылы қазақ халқының дүниетанымын, көзқарасын кеңейтіп, ақыл-ой санасын тереңдетіп, жаңа өріске бастаған ақын қазақ музыка өнерін дамытуда да асқан жаңашыл болды. Бүгінгі ұлттық музыка әлемінде «Абай стилі» деп аталатын ақынның музыкалық мұрасы – соның айғағы. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген ақын поэзияға қойған заңғар талабын қазақ музыкасына, оның ішінде қазақ өнеріне де қоя білді.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы» деген Абай музыка жайындағы ойын былай түйді:
Құр айғай бақырған Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған, Кісіге сән бе екен?
Немесе: Жаманға «жар» деген-ақ, ән көрінер, Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер? Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаған көңілің көтерілер.
Ұлы ақынның әнге деген терең философиялық көзқарасы оның көптеген өлеңдерінен осылай мен мұндалап тұрады. Тұтас жұрттың адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеудің бір үлгісі өнер, ұлттық өнер деп білген Абай сөз бен саздың, әуеннің ара-жігін ашпады. Екеуін де тәрбиелік бағытта қуатты құрал ретінде жұмсай білді. Ең алдымен, өнерпаз беделін көтеріп, көпке әйгілі етудің жолдарын жиі қарастырып отырды. Қолынан келгенше жас өнерпаздарды өз ауылына шақырып, жиі мәжілістес болып, ұзақ уақыт қолынан ұстап, ән сырын, өнер сырын ашып, түсіндіріп, жол-жөн нұсқады. Әсем әнді құлай сүйген ақын өресі биік өнерге қатаң талап қойды. Әнді тыңдауда, әншіні бағалауда табиғи талант иесін жоғары қадір тұтты.
Бір өкініштісі, Абай әндерінің туу, таралу тарихы әлі күнге дейін тиянақты зерттеушісін тапқан жоқ. Абайдың ақындық мектебі болғанын білгенімізбен, әншілік мектебіне келгенде мүдіріп қаламыз. Шындығында, көптеген архив құжаттарында, ел аузынан жиналған ақын замандастарының, өз ауылдастары мен туған-туысқандарының естеліктерінде Абай әндерінің шығу төркіні, ол әндерді орындап, көпке таратқан әнші шәкірттерінің есімдері кездесіп қалады. Мәселен, Абайдың ақын шәкірті Көкбай, алыс ауылдастарынан атасақ, Әсет, Әріп, кейіннен Абай қолына келіп тұрақтап қалған Мұқа, Уәйіс, өзінің аталас жақыны Майбасардың Мұхаметжаны, кейіндеу Әлмағамбет, Әмір, өз баласы Ақылбай, немересі Әубәкір болып жалғаса береді.
Ұлы ақынның өзіне ерекше ұнап, қолайына жаққан, өнерпаз тұлғалардың бірі – Әлмағамбет Қапсалямұлы. «Абай жолы» роман-эпопеясының көрнекті кейіпкерлерінің бірі. Мұхтар Әуезов Әлмағамбетті жақсы білген. Таныс, сырлас, талай рет дәмдес, мәжілістес болғандықтан, Абайдың өз балалары Ақылбай, Мағауия, Әбіштердің қатарында, соларға қатысты оқиғалар ішіне үнемі қатыстырып, көрсетіп, суреттеп отырады. Құнды деректердің бірі «Қазақ тілі» газетінің 1924 жылғы 27 желтоқсандағы №131 санында «Білдіру» атты құлақтандыру мақалада жарияланған. «Осы жылы 29 декабрьде Луначар клубында қазақтың байтақ даласында өткен атақты сыршыл ақын Абай (Ибрагим) Құнанбайұлының дүниеден өткеніне 20 жыл толғанын еске түсіру үшін Семейдің «географический обществосы» құрметтеп, ескерткіш кешін жасайды» делінген онда. Кеште Абайдың әндері орындалатыны айтылып, Әміре, Әлмағамбет әншілердің есімдері аталады.
Досжан Дүкенбай Досжанулы 1942 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келіп 2013 жылы 16 қыркүйекте дүниеден өткен. Ол кісі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында тұрған. Қазақ ақыны.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 _________________________________________________________ Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. _________________________________________________________ Сенат <span>Ақпарат көзі: </span>http://www.parlam.kz/a/senate/state-symbols <span>Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты</span>
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар.Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық-тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды-лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді. Бұл жазбадан патриотизмнің –ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
- сколько в светофоре цветов -3 -а какие это цвета -красный жёлтый зелёный - на какой надо переходить дорогу -на зелёный -а на кокой стоять и не идти -красный -а на кокой нужно приготовится - жёлтый