Қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. Менің отбасым- үлкен отбасы. Отбасының тірегі атам мен әжем. Мен әжем туралы айтпақпын. Менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. Атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. Әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. Әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. Қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. Әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. Қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. Біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. Әжетайыма көр рахмет.
Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған сарабдал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен берекесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.Осымен шығармам тәмәм!
«Гүл өссе — жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі. Яғни гүл — әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Өйткені оны анаға, ұстазға, аруларға да сыйлай беруге болады. Барлық мерекенің сәні мен салтанатын кіргізетіндіктен гүлге деген сұраныс қашан да толастамаған. Бұл жаратылыс өз кезегінде, жігіттер қауымының жұмысын біраз жеңілдеткен. Олар сыйлық таңдап, әуреге түспей, гүлмен-ақ қыз жүрегін баурай алады. Ал гүл — нәзік жандылардың осал тұсы. Бір құшақ гүлдің өзі қыз атаулының барлығын көктемдей құлпыртып жіберетіні бесенеден белгілі.Сондықтан гүлді дүрыстап баптау керек
1.өз сыныбыңды жазасың
2.үйің мектептің қасында ма əлде алыста ма соны жазасың
3.үйің мен мектебіңе дейін неше аялдама бар екенін жазасың
4.сен қай аялдамадан мінетінің туралы жаз
5.түсетін аялдаманың атын жаз
6.машинаң ұнайма
7.кім сені алғаш рет мектепке апаоғаны туралы жазылған
отметь как лучший пж удачи
Бұлбұлдар (лат. Luscinia) — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қараталөзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертісөзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканыңтропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктерменқоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.[1][2]