--Повестің бас кейіпкерінің бірі-кім?
-- Повестің бас кейіпкерінің бірі- Жанар.
-- Жанар қандай қыз?
-- Жанар ақылды, сұлу, өнерлі әрі үздік оқушы.
-- Ол кіммен бірге оқиды?
-- Ол Қожамен бірге оқиды.
-- Жанар қалай билейді?
-- Жанар мың бұралып " Қамажайға" билейді.
Әбділдә Тәжібаев — атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері.
Дұрыс жазылмаған сөз шайан-дұрысы шаян.
Бірінші байлық -денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.
Спорт сенің серігің-
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс,-дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз.
<span><span>Назымбек екiншi кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып, мектебiне келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды.
Өзiмен бiрге оқитын Нақысбектi жолда кездестiрдi. Ол бiр кiшкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi.
– Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек.
– Жоқ.
– Ендi кiмiң?
– Құлап, аяғын ауыртып алған екен.
– Оны қайда апарасың?
– Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек.
– Сабақтан кешiгемiз ғой...
– Мен кешiксем, Күлпәш Құлекеноваға айтарсың, мертiккен баланы дәрiгерге әкеттi деп.
– Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек.
– Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң атың кiм?
– Төлеген...
– Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткiзе қояйын, – Нақысбек Төлегендi хирургке алып келдi. Олар айнаға түсiрiп, сынық бар дептi. Емханаға салатын болды. Хирург Нақысбекке:
– Кiшiге көрсеткен қамқорлығың үшiн саған рақмет! – деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Ендi Нақысбек мектепте қарай жүгiрдi</span></span>