<span>Жиренше шешен (XV) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Дегенмен, қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім? Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрын, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын». Жиренше шешен есімі, ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен берік орын алған. Ол туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздіктің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен дербес Қазақ хандығын құру үшін ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15–16 ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуімен ортақ мұраға айналып кеткен. Ол туралы өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа, түркі тілдес халықтардың біразының фольклорында оның есімі кездеседі. Мысалы қарақалпақта Жиренше шешен, қырғызда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі — Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ел ауызындағы Жиренше шешен аңызын қолжазбасына түсірген ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды. Ол: «Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр¬кінін білемін деп іздегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха¬нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды.</span>
<h3>Один из самых популярных спортсменов казахского народа – чемпион Олимпийских игр по греко-римской борьбе, балуан Ушкемпиров Жаксылык. Родился 6 мая 1951 года в селе Тегистик Байзакского района Жамбылской области.Тренеры-Р. Ильматов, В. Псарев, В. Угренинов. Он окончил Семипалатинский государственный университет, Казахскую государственную академию спорта и туризма. Казахстан и победитель международных турниров. Золотой, серебряный и бронзовый призер чемпионата СССР.Победитель Спартакиады народов СССР. В 1980 году завоевал серебряную медаль чемпионата Европы, в 1981 году-звание чемпиона мира. В 1980 году стал победителем Олимпийских игр в Москве. Работал инструктором государственного спортивного комитета Казахской ССР,директором спортивной школы республиканского союза физической культуры и спорта. С 1993 года-директор спортивного клуба "Жаксылык". За спортивные достижения награжден орденом «Знак Почета".</h3>
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.