Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді.
Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын.
Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі.
Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қоспасымыз анық…
Расында әрқайсысының өзіндік мінез-құлқы мен бірге ұлттық ерекшелігі де басқаларымыз үшін ыстық. Әсіресе жапон елінің азаматтары менің көңілімнен айтарлықтай орын алды. Мәдениеті таңғаларлық. Сабақ арасында бір тақырып әңгіме бола қалса «сендерде қалай?» деп кезек-кезек бір-бірімізді тыңдайтынбыз. Демократияның отаны АҚШ-та дейтіндердің сөзін сол елдің азаматтары жоққа шығарады әйтеуір. Нағыз әділдіктің туы желбірейтін шақ туғанда ақшаның мысы басып кететінін жиі тілге тиек етеді.
Оқу жылы қызықты өтті. Мұғалімдердің айтысынша, көптен бері мұндай ұйымщыл топ болмаған сияқты. Менің де көңілім тоқ. Қайтар сәт туғанда мұғалімдердің өзіндік сабақ өткізу тәсіл-қимылдарын олардың өздеріне көрсетіп бердік. Бәрі риза…
Барлық шығармашылық қызметі неміс ақыны Генрих Гейне байланысты оның күреспен жарқын болашақ үшін Германия,бостандық және бақыт, неміс халқының.Гейне барды айтарлықтай қарай неміс романтиктер.
Су топыраққа нәр, ауаға ылғал беріп, жаратылыс әлеміне жан бітіретін тіршіліктің өзегі, алғашқы тіршілік суда пайда болып, жер бетіне тараған. Тіршілік әлемі өзінің су дәуіріне қарай қажетті су мөлшерінен тұрақты нәр алып тұрмаса, тіршілік өзінің өсу дәуірін тоқтатып, өшу дәуіріне көшеді.
Суды басқа ешқандай затпен алмастыруға немесе жасанды су жасауға болмайды. Су бардаг жоқ, жоқтан бар болмайды. Дүние жүзіндегі судың көлемі өзгермейді, тұрақты тепе-теңдік сақталады. Дүние жүзіндегі су жер бетіндегі су, жер астындағы су, атмосферадағы су болып үшке бөлініп, өзінің түрін өзгертіп буға, бұлтқа, қар мен мұзға айналып, тұрақты табиғи айналымда жүреді.
Жер жүзінің табиғи су айналымы төртке бөлінеді. Мұхиттар үстіндегі су айналымы, құрлықтар үстіндегі су айналымы, мұхиттар мен құрлықтар аралық су айналымы болып келеді.
Дүние жүзіндегі барлық судың көлемі 1, 386 миллион текше шақырымға тең. Оның ішінде топырақтың бестен бірі су, жер астында бір шақырымға дейінгі тереңдікте 4,0 миллион текше шақырым су болса, атмосферада жердің әр шаршы шақырымында 20 мың тоннадай келетін бу түрінде су бар
Біздің аула кең. Үлкен үй, айнала шарбақпен қоршалған. Аулада ағаштар отырғызылған. Жыл сайын көктемде қарлығаштар терезе үстіне ұя салады. Биыл да келіпті. Жанар екеуміз оларды көріп қуанып қалдық.
Қазақстан

Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..
Ұлықбек Есдәулетов