Мен таңертең сағат 7:00 де тұрамын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін.Содан соң мектеп формамды киіп,мектепке аттанамын.Бізде сабақ сағат 8:00 де басталады.Сабақ 14:00 де бітеді.Содан соң үйге келіп, түскі ас ішемін.Кішкене демалып,анама көмектесемін,үй шаруаларына араласамын.Кешкі асты сағат 19:00 де ішеміз.Кешкі астан кейін сабақ қарап,сабақ оқимын.Ал ұйықтау сағат 22:00 де жатамын.
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Шаңырақ – киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады. Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл (кіші ұлы) әкесімен бірге қалады. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қара шаңырақ» батыр, би, әулие, молда, сыйлы кісілердің үйі болса,
онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады.
<span />
Менің саябағым
сенің саябағың
сіздің саябағыңыз
оның саябағы
біздің саябағымыз
сендердің саябақтарың
сіздердің саябақтарыңыз
олардың саябағы
Мен бүгін шахмат ойынынан жүлде алдым.
Әркім өз үйін және отбасын жақсы көреді және бағалайды. Өйткені, үй өз өмірінде болған барлық бақытсыздықтардан және сол жерде өмір сүретін адамдардан қиын кезеңде әрдайым түсінетін және қолдау көрсететін өз қорғаны деп есептеледі - бұл отбасы. Әрқайсымыздың рөлі зор. Өйткені, отбасының көмегімен адамның алғашқы сезімдері мен өкілдіктері бір-бірімен байланысы бар, ол тек қоршаған айналасын түсінуге бастайды. Кейіннен отбасында сүйіспеншілік пен қамқорлық сияқты адамдық ұғымдар қалыптасады. Отбасы әлеуметтік бірлік, кішкентай Отан деп аталады. Ол адамның жеке басын қалыптастырады, адамның тәрбиесі орын алады. Сондықтан, әдетте, отбасының қандай адамға тәуелді екендігі оның қалай болғанына байланысты. Мен үшін отбасым өмірдегі ең маңызды нәрсе.