Домбыра тарту, күй ойнау, əн салу - мұның барлығы бұрынғы ата-бабамыздан келе жатқан өнер.Өмірге келу - жарық дүниенің есігін ашу. Қазыбек би бата берді. Атақты болу үшін өз еңбегіңмен шыңға шығу керек. Ол атасынығ қасында жүріп, аспап жасауды үйреніп алды. Бүкіл халық алдында атақты күйші Құрманғазымен таныстырды. Самат үйірмеге жазылды.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
1.Мезгіл үстеуі
қашан? қашаннан?
Бүгін,былтыр,биыл,ертең,енді,таңертең
кешке,қазір,енді,ендігәрі,бұрын,күндіз,ерте-ден,бүрсігүні,күні бүгін,қыстай,ала жаздай,
бағана,күні-түні,бойы,қыстыгүні,әлгінде, т.б
2.Мекен үстеуі
қайда?қайдан?
Ілгері,кейін,әрмен,мұнда,осында,сонда,әрі,
бері,жоғары,төмен,алға,тысқары,артта т.б
3.Сын-қимыл(бейне) үстеуі
қалай?қайтіп? қалайша?кімше?
әрең, ақырын,бірден,бірге,бірте-бірте,
бұрынғыша,қолма-қол,осылай,сөйтіп,өйтіп-бүйтіп,әрең-әрең,келе сала,емін-еркін,т.б.
4.Мөлшер үстеуі.
қанша?қаншама?қаншалық? қаншалап?қалай?қалайша?
онша,сонша,соншалық,мұнша,неғұрлым,
мұнша,соғұрлым,анағұрлым,талай,бірталай
5.Күшейткіш үстеуі
қалай? не мақсатпен ?
әбден,тым,ең,ылғи,кілең,сәл,өңкей,тіпті,нақ,
әнтек,мүлдем,дәл,нағыз,керемет,орасан,ерен,
әрен,аса,өте,т.б.
6.Мақсат үстеуі
қалай? не мақсатпен?
әдейі,әдейлеп,жорта,қасқана, т.б.
7. Себеп- салдар үстеуі
не себепті? қалай?
Босқа,бекерге,жоққа,құр босқа,лажсыздан,
Амалсыздан,шарасыздан.
1) Негізгі етістік - жеке тұра алатын, толық мағынасы бар (мысалы : жатыр, жүгірді)
2) Көмекші етістік - жеке тұра алмайтын, тек қана негізгі етістіктермен бірге, толық мағынасы жоқ