Қос сөздер
ата-ана, әке -шеше, бала-шаға, сап-сары, жеміс-жидек, азық -түлік, шелек-шелек. әрең-әрең, көрші--қолаң, әп -әдемі, қарым-қатынас
Атау септік: ол, сол, ана
Ілік септік: оның, соның, ананың
Барыс септік:оған, соған, анаған
Табыс септік: оны, соны, ананы
Жатыс септік: онда, сонда, анада
Шығыс септік: одан, содан, анадан
Көмектес септік: онымен, сонымен, анамен
Есімдік
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты.
Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының <em>орнына</em> <em>қолданылған.</em>