Қазақ елі, қазақ жері бір сүйем жерін жауға бермей қорғау жолында төгілген ыстық қаны....Ех... замана көші үдіре алға тартып уақыт ағысы өз салған сара жолымен жылжып келеді.Тарпаң тағдыр тырнағына ілігіп саясаттың сүркей дауылы соққанда саялы бәйтерек бұтағын паналаған жас балапандай қонақжай халқыммен бір үзім нанды бөліп жегені тарихтан белгілі. Cол кең пейіл 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жат елден жаутаңдап келген жандарды құшағына сыйғызды. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы берекенің ұйтқысы, бірліктің қайнар бұлағы десек басқа ұлт өкілдері де жұмыла көтерген жүк жеңіл деп қара щаңырақ басына қара бұлт үйірілсе өз кеудесін оққа да, отқа да қарсы тосарына сенімім кәміл. «Абай атамыз айтқандай атаңның баласы бол ма?» Адамның баласы бол өзгеге жасаған мысқалдай жақсылығың алдыңнан таудай болып шығып жатса құба құп. Жер бетіндегі аранын аждаһадай ашқан алаяқтықпен көрсе қызар дүние қоңыздық жаратқан ием сыйға тартқан өзіне тиесілі емес байлықты құлқыны тояттағанша қылғытып жұтуға әуес. Көпе көрнеу жағаңа жармасып іргеңді қазбасада, іштен шыққан жау жаман деп қызылға түскен түз тағысындай екпінмен алауыздық туғызуға тырысып бағады... Бірақ мұндай жат пиғыл менің табаным тип тұрған Алаш жұртының құт мекені Алтай мен Атырау арасындғы алтын топырақта өмір сүріп жатқан ешбір тұлғаның санасында жоқ. Өйткені біз алтау ала болса ауыздағы кететінін төртеу түгел болса төбедегі келетінін білеміз.... Бейбіт аспанында көк байрағы желбіреп бесіктегі күнәсіз сәбидің ұйқысы бұзылмай тәуесіздігіміз тұғырлы, татулықтың тамыры тереңге жайылып халық жүрегінен орын алып ұжданды ұл, инабатты қыз өсіріп Қазақстан Республикасының болашақ ұлтқа тұтқа болар ұландарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіре береміз еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
Жастар еліміздің әлеуметтік,
эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан
алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа
көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне
белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда
заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа
қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз
қолдарына алуда.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір
өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз
орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы
қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың
ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі
кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын
қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл
аударуға тиіспіз.
Түбір жалғаулы туынды деп 3 қатарға бөдінеді.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай