1)Жағымпаз — жасқаншақ, Жаман — мақтаншақ.
2)Жақсыны мақтасаң сақтанады.
Жаманды мақтасаң қомданады.
3)Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,Алдында құрулы торлар бар.Арғымақ жүйрікпін деп мақтанбаАлдында алуан орлар бар.
Өзінің қисықтығын білмеген, Өзгенің түзулігін білмейді.
Біреу бетінен жазады, біреу ниетінен жазады.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Біреудің бойы аласа, Біреудің ойы аласа.
Неге ат ер қанаты дейді?
Ертеде аттан өзге көлік болмаған. Адам баласы барлық тіршілігіне атты қолданған, мінсе көлік, сойса ет, ішсе сусын. Міне, осылай атсыз күн көру қиын болған. Сондықтан ат ер қанаты деген.