Менің отбасымда бес адам бар. Әкем, анам, екі інім, бар. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам менің біліміме риза. Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым. Менің ата-анам мейірімді. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинасуға көмектесемін, ыдыс жууға көмектесемін, інілерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын. Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды және де әр туған күнді бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым ең үлгілі отбасы. Атам-әжем менің әкемнен басқа балаларымен және немерелерімен бірге тұрады. Атам мен әжем маған ақылдарын айтып, әрқашан мейірімді, сыпайы бол,-дейді. Мен үлкен адамға, жол беремін. Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік пен әдемілікке үйрендім. Мен атам мен әжемді жақсы көремін. Демалыс күндері бауырларыммен бірге ата-әжемнің үйіне барып тұрамыз. Демалыс күндерде інілеріммен далаға шығып ойнаймыз. Мен өз отбасыма ризамын. Әкем мен анам және бауырларым ауырмасын, аман болсын деп тілеймин. Менің отбасымды мақтан етемін.
Онлайн сөздіктердің пайдасы өте көп
ағылшын және қазақ тілі осы қостілді сөздіктің көмегі оөте ерекше
ғаламторды дұрыс пайдалана білу де парызың
ғаламтор істемей қалса әдейі қасақана жауып қоямын
өте маңызды тарихи деректерді адам өз есінде сақтау керек
Қазақ тілінде ю əріпінен басталатын сөз жоқ. Көбінесе сөздің соңында кездеседі.
Мысалы: аю, қою, құю, сүю, есею, азаю,
ою, қию, түю, күю, үлкею, көбею, баю
Балықшы — балық аулаумен айналысатын кәсіп иесі. Адамдар күнкөріс үшін балық аулаумен сонау мезолит дәуірінің аяқ кезінен бастап-ақ айналысқан. Неолит дәуірінде теңіз, өзен, көл жағасын мекендеушілер үшін балықшылық бірте-бірте нақты кәсіпке айналған. Балық алғашында үшкір таяқ (сүңгі), тас құралдарымен ауланса (б.з.б. Маглемозе мәдениеті ескерткіштерінен табылған), кейінгі дәуірлерде олар жетілдіріліп найза, садақ сияқты аңшылық құралдармен қатар сүзекі, сүйектен жасалған қармақ (қысқаша Бұғылы арал), қаза (қамыстан тоқылған құрал) пайдаланды. Орта ғасырдан бастап балық аулау кәсібі өркендеп, 19—20 ғасырларда балық аулайтын ірі көлемдегі және жетілдірілген құрал-жабдықтардың, арнайы қайықтар мен кемелердің пайда болуы (қысқаша Балық аулау құрал-жабдықтары) балықшы мамандығын өнеркәсіптік жұмыс қатарына қосты. Қазақстанда 19 ғасырдың ортасынан бастап Каспий, Арал теңіздері мен Жайық, Сырдария сияқты ірі өзендер жағалауында балықшылар мекендері, балық өңдейтін цехтар (кейін зауыттар, комбинаттар) пайда болып, оларда мыңдаған балықшылар жұмыс істеді. 20 ғасырдың 80-жылдарында Қазақстандағы балықшылар саны жарты млн-ға жуықтады.
Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық! Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз: « Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаңменен далаң да, Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,