Жалқаудың соры - байлығы.
Аз жұмысты қиынсынсаң,
Көп жұмысқа тап боларсың.
Ер тынысы - еңбек,
Ез тынысы - ермек.
Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
Саудың асын ішіп,
Аурудың ісін істейді.
Жақсы мұраптың соңынан су ереді,
Жаман мұраптың соңынан шу ереді.
Егінді жабайы шөп аздырар,
Ерді еріншектік аздырар.
Ермек қуған бәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.
Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.
Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.
Жалқауға күнде той.
Жалқауға от басы айшылық жер.
Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.
Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді.
Жалқаулық - жаман ауру.
Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Іс қағаздар стильі қарастыралы
Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, <span>күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.</span>