Маған оқулық өте керек болғандықтан, Айдос өзінің оқулығын берген еді. Ол - математика оқулығы. Бұл досымның оқулығы деп, мен оған өте мұқият қарадым.
Қуыршақ театрында кызықты койылымдар болды.Бұл билеті арзан театр.
Мен бірінші қатарда отырдым.Бос орындар болмады.Басты рөлді Мальвина ойнады.
Жарық дүниеге келген әр адамның асыл тегі, өскен ортасы, қимас та қымбат ата мекені болатыны белгілі. Басқаны да түсінемін, алайда менің ата-мекенім әсіресе қымбат сияқты. Өйткені, ол әлем тарихына кірді, әлем картасында белгілеулі. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлыларды дүниеге әкелгені өз алдына, адам баласын қырып-жоюға арналған алапат қарудың дүниеге келуі де менің ата-қонысым, Абай еліне, байланысты... Туған жердің топырағының табы табаныңа батқаннан бастап, оның бар қасиеті перзенттерінің бойына сіңірері шын, олай болса мына бір жүрекжарды сезім шапағатынан туған сырымды саған арнадым.Жетегіне қиял ойдың лезде ерем. Туған жердің тынбай алған тынысын, Осынау қасиетті, киелі өлкемнен аз уақыт болса да ұзап шықсам, өмірімнің бөлінбес бөлшегіндей сезініп, айрықша сағынамын, туған жерімнің өзіне тартар қуат-күшіне табынамын. Сол құдіретіне таңқалып, бір көргім келеді де турады. Өйткені, туған жер әрбір перзентін мәпелеп, мейір-қамқорлығын жаныңа құйған аяулы анаңдай. Түрлі ел мен жерді, қалалар мен ауылдарды аралап көріп жүрсем де, олардың барлығы менің осынау бір шағын ауылыма еш жетпейтін-ді. Мұндай мекенді мүлде көрмеген сияқты күй кешемін. Бәлкім, мен үшін солай шығар! Әлмисақтан бері қарай сенің көрмеген қасіретің жоқ шығар. Ақ қашып, қызыл қуған қырғынды, аштықты, Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен қиыншылықтың бәрін көрдің. Енді ғана бойыңды жазып, еңсеңді көтеріп келе жатқанда, төбеңді қара бұлт қайта басты. Қырық жыл ядролық қарудың зардабын тағы шектің... Міне, осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Уақыттың қаншама зобалаңын көрсең де, аспанмен күмбезденіп таласып тұрасың-ау, қарт Дегелең! Алтын бесігім – ата-мекенімнің ұлылығы да осында шығар. Қайырым, қамқорлығы мәңгілік шексіз жерімнің өркені өсе түссе, менің де мерейім биіктей бермек. Құдіретіңнен айналайын, туған жерім!
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.