Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан; көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты өткір континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер ( жалпы санының 23,9 %) құрайды, оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар. Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді. 17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, темір жол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке) 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың. оқушы), 11 орта оқу орындары( 6,3 мың. оқушы), 7 Кәсіби-техникалық мектеп(3,4мың. оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар. Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік ҚР Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/6365-oskemen.html
© www.ZHARAR.com
Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды
1.Ғылым - теңіз, білім-қайық.
2.Ғылым таппай мақтанба,орын таппай баптанба.
3.Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Мен жазғы демалысымды Бурабайда өткіздім
Жыл мезгілдерінің ішінде ұнайтыны жаз мезгілі.
Менің досым күзді ұнатады.
Демалыста ата-анам Алакөлге барып қайтты.
Қыста Медеуге бардық
Ата-әжем жылда шипажайға барады.