Ответ:1 ое:фамилия 2класс3 имя пишешь
Объяснение:
Қыс
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Күз
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Дом престарелых?
Қартар үйінде кімдер тұрады?
Олар ол жақта неге тұрады?
Олар кімдер?
Оларды кімдер тастап кеткен?
Олардың үйлері бар ма?
Олардың балалары бар ма?
Оларды не үшін тастап кеткен?
(Только это могла сставить, прости, дальше не додумалась )
Ответ:
Эссе
Аңшылық саяхат
Бір күні 2 бала саяхатқа шығады. Біреуі жан жақты фотоға түсіріп жүреді. Суретке түсіріп жүрген баланың есімі Арсен болатын, ал жанындағы досының аты Айдос. Алаңғасар Арсен жан жақты фотоға түсіріп жүргенде, тарс еткен дауыс шығып, екеуі жер астына түсіп кетеді. Жан жағы қараңғы. Жанындағы досы шамды алып айналаға көз жүгіртсе, аңдардың бастары, терілері ілініп тұр екен. Олар бұл жерде аңшы өмір сүретінін түсінеді. Сол жерден қалай қашу керек екенін білмейді. Бір уақытта аңшының өзі де келеді. Аңшы оларды байқап уайымдамаңдар бұлар жай ғана жыртқыш аңдардың заттары. Мен жақсы жануарларды жыртқыштардан қорғаймын. Жақсылық жасайиын. Екі дос аңшының жақсы адам екенін түсінеді. Аңшы балаларды жердің үстіне шығарып, аң аулауды үйретеді. Балалар бәрін үйреніп, үйіне күліп ойнап жетеді. Бұл аңшылық саяхат балалардың басынан өткен керемет саяхаты болды.
Мама. Теплое слово, которым мы называем самых дорогих, самых лучших, самых родных, самых умных и красивых женщин. Мама всегда красива для своего ребенка. Но мама – это еще и женщина, которая всегда, при любых обстоятельствах, женщина хочет быть самой красивой не только для детей. Женская красота дарит своей обладательнице уверенность, легкость, желанность – а это так важно для современной женщины.
Источник: http://www.stranamam.ru/article/6859422/