Менің мектебім: Мектептің босағасын аттаған кезден-ақ, мектептің әсемдігіне таң қаласыз. Мирастың әсем саябағына, театрына, спорт залы мен футбол алаңына, кең атриумы мен асханасына қызығарлықтай қарап тамашалаған соң, сізді қарсы алатын ақылды оқушылары мен жоғары санатты мұғалімдері көмек беруге әрдайым дайын. Ал хайуанаттар әлеміне саяхаттағың келсе, мектебімнің жаратылыстану кабинетінің жаңында хайуаннаттар бағы бар. Ол жерде сен әртүрлі өімдіктер мен жәндіктерді, кемірушілерді қарай аласың. Сонымен, мектебім сізді кең құшағымен қарсы алды. Жылы қарсы алу кімге ұнамас десеңші... Басқа мектептерге ұқсамас мектебімнің ерекшелігі өте көп. Солардың ішінде ең біріншісі - халықаралық бағдарлама негізде білім беру жүйесі, екінші - көптілділік ұстанымы, яғни оқушылар өз ана тілдерінен басқа мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық тіл - орыс тілін, халықаралық тіл-ағылшын тілін оқып үйренуде. Мектебімнің мұғалімдері өз елімнің азаматтары және өзге елдерден кезген ұстаздар. Менің мектебім - ол менің екінші үйім. Адамдар бір -біріне дос дегендей мектебімнің қабырғасында жүргенде бәрі маған таныс, бәрі маған дос, бәрі маған жақын. Біз бір отбасы сияқтымыз. Сабақтан тыс уақыттарымызды біз әр жаңа ашылуларды зертейміз. Себебі, Мирас мектебі - сапа жағынан және білім жағынан да ең жақсы шеберхана деп айтсам артық болмас.
<span>Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы</span>
Жүз теңген болғанша,
Жүз досың болсын.
Айдағаны бес ешкі
Ысқырығы жер жарар.
Ер қаруы бес қару.