Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан,жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.
Қалыптасқан дағды бойынша, әрбір үлкен жарыс, той, астарда оны ұйымдастыратын арнайы топ алдын ала сайланады және оған әр рудан, атадан өкілдер енгізілген. Бәйге кезінде қарақұрық болмауы үшін білікті бірнеше адам жарыстың әділ өтуін қадағалайды. Сайыстың билігі сыйлы деген екі ақсақалға жүктеледі және оның бірі көмбеге, екіншісі мәреде міндетті жауапкершілігін атқарады.
Енди сойлеми кайда коркем шгарманын?
Атам беймәлім бұтаның астын қазып, қазына көміп койған екен.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар.