Түбір сөз дегеніміз әрі қарай тұлғалық жағынан бөлшектенбейтін, сөздердің жаңа сөз жасауға негіз болатын түпкі қазығы, ұйытқысы.
Қазақ тіліндегі түбір сөздер тұлға жағынан да, мағына жағынан да өз алдына жеке, дербес сөз болады. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ec, ic, мал, xaт, тac, көп секілді сөздердің әрқайсысынан өз алдына туынды сөздер жасалады. Мысалы: біл, білім, білгір, білгіш, білдір, біліс, білімпаз т.б. Бұл сөздер бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Бір түбірден туған осындай туынды сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Түркі тілдерінде түбір өзгермейді, ал славян тілдерінде өзгеріске түсіп отырады. Түркілік түбір негізінен бір, кейде екі буынды болып келеді. түбірдің негізгі ерекшелігі ретінде толық мағыналылығы, тұлғалық сипатының өзгермеуі, әрі қарай бөлшектеуге келмейтіндігі аталады.
Түбірдің “әрі қарай бөлшектеуге келмеуі” – шартты ұғым. Мыс., қазіргі тіліміздегі тау, тас, тіл, сөз, кел, анық, асық, айт, бала, баға, тұр, жүр, жатыр, оқы, т.б. сөздер түбір ретінде танылады, ал тарихи даму жүйесінде бұл сөздер морфтарға жіктеледі. Түбір туынды сөз жасаудың негізгі ұйтқысы саналады. Түбір – негізгі морфема, өйткені өзге (көмекші) морфемада лексикалық мағына болмайды. Түбір жеке тұрып та, грамматикалық жағынан түрленіп те семантикалық дербес сөз болады, жеке сөздің қызметін атқара алады.
<span>Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады» (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр. </span>
<span> Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі</span>
Етістік дегеніміз заттың іс-қимылын білдіретін сөйлем мүшесі. Не істеді, не қылды, қайтті деген сұрақтарға жауап береді.
Ответ:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.