Қазақстан және оның табиғаты.
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндіклексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер менархаизмдер.
Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық
құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік
құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан,барымта, ақ берен, айбалта).
Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына,
әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен
ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре–
төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті
қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын
лексика-семантикалық құбылыс.[1][2]
Сыйлыкты мереке куні сыйлаған жөн. Сыйға мереке иесінің сүйікті нәрсесін немесе керек нәрсесін сыйлаған дұрыс. Кімге не сыйласаңда ең бастысы шын жүректен болса тіпті жақсы.Өзіңе сыйлық алғанда қуанышты боласың, Өз досыма туған күніне әдемі көйлек сыйладым.
№4.
Мақал: Алтын берген – дос емес,ақыл берген – дос.
Мағынасы: Достықты ақшаға сатып алу мүмкін емес.Достық тек қана достықты жақтайтын адамдардың қолында.Олар нағыз достар.Қиын кезде қол ұшын беріп,ақыл беретін – достар.Ақшаға сатып алған дос,ақшаң таусылған кезде сенің оған керегің жоқ.Сен оған барынды бердің.Ол сені ақшаң бар кезде бағалап,ақшасыз қалғанда сені таптағандай болады.